ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ауылды дамытуға және ауыл әйелдерін қолдауға бағытталған іс-шаралар циклінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына спикерлер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина; «Жасыл экономиканы» және G-Global-ды дамыту коалициясы ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова; «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қорының өкілі Александра Аккирман; «Әлеуметтік динамика» ҚҚ директоры Елена Ожго; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Әбілхатин қатысты.

Баспасөз конференциясы аясында ауылдарды тұрақты дамыту қағидаттарын ілгерілету, «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру, сондай-ақ ауылдық әйелдерді қолдау бойынша қоғамдық іс-шаралар циклі басталды.

Баспасөз іс-шарасына қатысушылар келесі жобалардың іске қосылуын жариялады:

1) Ақмола, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында тұратын 2 мың жұмыссыз әйелді оқытуға бағытталған «Coca-Cola Белестері-2020» әлеуметтік жобасы. Жоба аясында сәуір айынан тамыз айына дейін ауыл әйелдері «Coca-Cola Белестері» байқауына одан әрі ұсыну үшін өздерінің бизнес-кейстерін әзірлеумен жасыл бизнес негіздеріне оқытылады.

2) «Coca-Cola Белестері» үздік бизнес-идея конкурсы, оның қорытындысы бойынша 10 ауылдық әйел ауылда өз бизнесін құруға 4 мың АҚШ долларынан грант алады.

3) облыстық форумдар мен Қазақстанның ауыл әйелдерінің ІІІ республикалық форумын өткізу.

4) фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың иелерін қолдауға бағытталған «жеке қосалқы шаруашылықтар» білім беру онлайн-мектебін іске қосу

5) экологиялық таза және табиғи өнімдерді жергілікті нарықтарға және шетелге жылжыту үшін бір немесе бірнеше агроөнімдерді өсіру мен өндіруді, олардың кооперациясын ынталандыруға бағытталған «Ел өнімі» жобасын іске қосу.