ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 13 наурыз күні Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ақпараты бойынша, мұқият тексерілгеннен кейін Германиядан келген Қазақстанның екі азаматынан коронавирустық инфекцияға оң талдау жасалды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес пациенттер Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына бұрын бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес орналастырылды. Емделушілерде клиникалық симптомдар жоқ, көңіл-күйі жақсы. Барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар, оның ішінде оқшаулау және қадағалау қабылданады.

"Біз толық дайынбыз. Жеткілікті мөлшерде төсектер дайындалды, медициналық препараттар, дезинфекциялық құралдар қоры бар. Медициналық қызметкерлер қажетті оқудан өтіп, емдеу диагностикасының бекітілген хаттамасына сәйкес не істеу керектігін біледі", - деп атап өтті Е. Біртанов.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Қазақстан халқы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің колл-орталығына 24/7 режимінде 1406 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Ведомство басшысы азаматтарды тек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сенуге шақырды.