Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қабылданатын шаралар бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер ретінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев сөз сөйледі.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекция пандемиясын жариялады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде нақты міндеттер қойды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдерін қабылданған шаралар туралы хабардар етті:

• 13 наурыздан бастап мерекелік, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге және т. б. тыйым салынады;

  • Денсаулық сақтау, білім беру, көпшілік жиналған объектілерде: ХҚКО, коммуналдық шаруашылықтар, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, вокзалдар, әуежайлар мен қонақ үйлер санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту;

  • Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салу, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим;

  • Аймақтан тыс демалыс кезінде оқушыларға экскурсияға тыйым салу;

  • Қоғамдық көлікте жуу дезинфекциялау құралдарын өңдеу және қолдану;

  • Орта білім беру ұйымдарының демалысқа ерте шығуы – 2020 жылғы 16 наурыздан 5 сәуірге дейін;

  • 16 наурыздан бастап ТжКБ және ЖОО объектілерін Қашықтықтан оқытуға ауыстыру;

  • 1А, 1Б, 2 және 3 санаттардағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеу;

  • Халықаралық, спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға 1А, 1Б, 2 және 3 санаттардағы елдерге шығуға тыйым салу

Сонымен қатар, елімізде коронавирустық инфекция анықталған кезде санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша барлық қажетті алгоритмдер бекітілді. Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов халықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, ажиотаж жасамауға, алдын алу шараларын ұстануға және сақтауға шақырды.