Қазақстанда жол апатынан жыл сайын шамамен 2000 адам қайтыс болады екен. Бұл күніне 5 адам. Жартысынан астамын автомобиль мәнбейтін яғни жаяу жүргіншілер құраған. Тағы 20 мыңға жуық адам (жыл сайын) апат салдарынан еңбекке жарамсыздықтың маңызды себебі болып табылатын шамадан тыс жарақаттарға ұшырайды екен.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат ТҰЯҚБАЕВ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының Тұрақты өкілі доктор Олег Честнов, "Автомобилистерге көмек қоғамы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Василий КЛИМАКОВ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты БОРАНОВАНЫҢ қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

БҰҰ бастамасымен 2005 жылдан бастап қараша айының үшінші жексенбісінде өтетін Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні аясында өткізілді. Осы күні бүкіл әлемде ЖКО-дан қайтыс болған адамдарды еске алады және ауыр қайғыға ұшыраған отбасыларының қайғысына ортақтасады.

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қазақстанда ҚР ІІМ ӘПК алдын алу іс-шараларын өткізеді, олардың басты мақсаты жолдағы өлім-жітім ауқымына және жол қозғалысының барлық қатысушыларының ықтимал тәуекеліне; авариялардың алдын алуды және жолдағы құқық бұзушылыққа аса маңызды қарсы іс-қимылдың маңыздылығын бірінші жоспарға ұсыну; жол қозғалысына қатысушылардың өзара сыйластық, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, жүргізуші мәдениетін арттыру тұрғысынан санасын өзгерту идеяларына азаматтардың назарын аудару.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесін өзектендіре отырып, ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары брифингте республикадағы 2019 жылғы Жол қауіпсіздігінің жай-күйі туралы хабардар етті.

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 13 391 ЖКО тіркелді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 4,8% артық. Осы кезеңде ЖКО нәтижесінде зардап шеккен адамдардың саны 17 794 адамды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 8,2%-ға жоғары. Жараланғандар мен қаза болғандардың саны орташа есеппен 8,5% - ға өсіп, тиісінше 17 794 және 1 846 адамды құрады. Жараланған және қаза тапқан кәмелетке толмағандар саны - 3 409 бала жараланып, 197 бала қаза болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өскенін атап өту керек.