ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ қабылдайтын коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларына арналған онлайн-брифинг өтті.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Қ.Сақтағановтың ақпараты бойынша, бүгін "ҚазМұнайГаз" компаниясының барлық тобы бойынша шамамен 80 мың адам еңбек етеді, бұл персоналдың денсаулығын, өндірістік процестің үздіксіздігін және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін талап етеді.

Осы мақсатта орталық аппаратта және еншілес ұйымдарда жедел штабтар құрылды, коронавирустық инфекция індетіне ден қою жөніндегі іс-қимылдың арнайы алгоритмі қабылданды:

  • орталық аппаратта да, еншілес компанияларда да тұрақты негізде кеңсе және өндірістік үй-жайларды толық дезинфекциялау және өңдеу, компания қызметкерлерін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлікті өңдеу;
  • әкімшілік ғимараттар мен өндірістік объектілерде ЖРВИ белгілері бар адамдарды анықтау үшін қызметкерлердің күнделікті мониторингін жүргізу, вахтаға шығу алдында қызметкерлердің температурасын өлшеу;
  • "ҚазМұнайГаз" тобы қызметкерлерін шет елдерге, сондай-ақ Қазақстан аумағы бойынша іссапарға жіберудің барлық түрлерінің күшін жою. Барлық қызметкерлерге ел аумағы бойынша жылжуды барынша шектеу ұсынылды;
  • барлық бұқаралық іс-шаралардың күшін жою. Кеңес онлайн режимде өткізіледі;
  • күнделікті нұсқама жүргізу, барлық кеңсе және өндірістік үй-жайларды антисептикалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • әкімшілік персоналдың кемінде 50% - ын әрбір 14 күн сайын міндетті түрде ротациялай отырып, қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру.

Бұл ретте зейнеткерлік жас алдындағы қызметкерлер, созылмалы аурулары бар қызметкерлер, жүкті әйелдер, көп балалы аналар, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар қашықтағы жұмыс режиміне басым құқық алады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция жұқтырған қызметкерлер анықталған жоқ. Сонымен қатар, қазір үй карантиніндегі қызметкерлер бар.