ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің (бұдан әрі-Комитет) төрағасы Рустам Ахметов Азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін тежеу бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары туралы баяндады.

Ахметовтың айтуынша, бүгінгі күні 19 тауар атауы кіретін әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуін тежеу бойынша мынадай тетіктері көзделген:

  1. ЖАО-ның ӘМАТ-қа бөлшек сауда бағаларының шектік мәндерін бекітуі.

Шектік мәндер асып түскен жағдайда ЖАО шектік жол берілетін бөлшек сауда бағаларын белгілеуге және оларды сақтамағаны үшін нарық субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

  1. Азық-түлік нарығына кейіннен реттеушілік ықпал ету үшін ӘМАТ сатып алуды, сақтауды болжайтын ӘКК жанынан азық-түлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру.

  2. Нарықтарда бағалық сөз байласуды монополияға қарсы бақылау, оларды қолдану шарты нарық субъектісінің кемінде 5 % нарықтық үлесінің және сөз байласу белгілерінің болуы болып табылады.

Комитет басшысы заңнаманың жергілікті атқарушы органдардың ӘМАТ-қа бағаларды уақытша реттеуді енгізу мүмкіндігін көздейтінін атап өтті.

Комитет, оның ішінде нарыққа қатысушылардың бағаларды өсіру бойынша сөз байласуына, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануға, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салатын монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

2019 жылдың басынан бастап а.ж. 28 қарашаға дейінгі жағдай бойынша, тұтастай алғанда, ӘМАТ бағалары 10,1%-ке ұлғайды.

«Бағаларды төмендету үшін саланы дамытуға жауап беретін мемлекеттік органдардың тауар нарығын толтыру, нарық субъектілерінің саны мен өндіру көлемдерін ұлғайту, мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау бойынша әрекеттері қажет. Бағалардың өсуінің объективті факторлары аясында нарық субъектілері осы жағдайды пайдаланып және өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланып бағаларды негізсіз көтере алады», - деді Ахметов.

Бағалардың өсуі нарық субъектілерінің бірлескен әрекеттеріне негізделген жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылданады.

Ахметовтың айтуынша, Комитет а. ж. басынан бастап нан, қарақұмық жармасы, қант, тауық еті, күнбағыс майы сатылатын нарық субъектісіне қатысты 7 тергеп-тексеру тағайындады. Жеміс-көкөніс өнімдерін, тауық етін, сиыр етін, ұн, нан, рожки, күріш, қарақұмық жармасы, жұмыртқа, сүт өнімдері, күнбағыс майын сату нарығында нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы 187 хабарлама жіберілді.

Ағымдағы жылғы 21 қарашада монополияға қарсы орган «ірі сауда желілеріне 80 хабарлама шығарды. Хабарламалардың жалпы санынан 78-і бағаларды төмендету арқылы ерікті түрде орындалды.

Сондай-ақ, бағалардың өсетіні туралы жария өтінішке байланысты ұн мен нан өндірушілердің басшыларына 7 алдын ала ескерту шығарылды.

"Осы хабарламаларды 10 күн ішінде орындамаған жағдайда, нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексеруге бастамашылық жасалады. Сөз байласу фактілері анықталған жағдайда, нарыққа қатысушылар сөз байласу нәтижесінде алынған кірістің 1-ден 5 %-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Ахметов.