Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің сырттан әкелінуіне еш кедергі жасамайды. «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріптің айтуынша, Қазақстан аумағына жеткізілген препараттардың әрбір партиясы ұлттық дәрі-дәрмектің қауіпсіздігін қадағалау орталығында тексеруден өтеді. Бұған дейін дәрілік заттың сапасын тексеруге 21 күн қажет болса, қазіргі кезде бұл мерзім үш күнге дейін қысқартылып отыр. Сондай-ақ, осы мерзім ішінде, препараттарды сатып алу процедурасы мәселесі шешіледі.

«Бұған дейін жасалған келісімдер бойынша жоспарлы сатып алулардан басқа қосымша келісімдер жасалады. Олар қолданыстағы келісімшарттар бойынша әзірленеді. Егер шұғыл арада сатып алуды қажет ететін жаңа позициялар болса, үкімет процедураны жеңілдету жөнінде шешім қабылдады. Егер тендер 45 күнге созылса, жеңілдетілген жағдайда, біздің сайт арқылы процедура 3-5 күнде жүзеге асады. Коронавирустың таралуына байланысты дәрі-дәрмектер қысқа мерзім ішінде сатып алынып, жеткізіледі», - Б.Шәріп.