31 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Ақордада оқу озаттарымен кездеседі, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«1 маусымда Республикада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 600-ден астам іс-шара, оның ішінде 154 қайырымдылық шаралары өткізіледі. Негізгі республикалық іс-шаралардің бірі - 31 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Ақордада оқу озаттарымен кездеседі», - деді ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов.

Ал 1 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Еліміздің жас батыр балалармен кездеседі. Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласындағы "Барыс-Арена" аумағында "Жұлдызай-2019" республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің дәстүрлі гала - концерті өтеді.

1 маусым күні республиканың барлық өңірлерінде балалар мен жастар ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруі ұйымдастырылады.

Айта кетсек, халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жалпы республикалық "Нұрлы болашақ" акциясын жариялады.