Top.Mail.Ru

Міндетті түрде маска тағу тұрғысынан нақты регламенттің болмауы сыбайлас жемқорлыққа негіз бола ала ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист Айнұр Қоскина Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа осындай сауал жолдады.

«Мұндай қиын кезеңде осы топтардың мүшелерінің бірі осындай қадамдарға барады деп ойламаймын. Олардың біреуі бұрышта тұрып қандай да бір ақы алып, жеке шешім қабылдайды деп. Мұның бәрін қазір тіркеуге болады, барлығының ұялы телефондарында камералар бар. Бұзушылықтарды да тіркеуге болады.

Бірақ ондай жағдай орын алатын болса, бәріңіз де көмектесесіздер деп ойлаймын және ондай адамдарға қатысты ең қатаң шаралар қабылданады. Бұл мемлекеттің ғана емес, қоғамның да мәселесі. Оның ішінде Айнұр сіздің де! Осындай топты басқарыңыз, оған кіріңіз, бірге ұйымдастырайық. Мен сізбен кездесуге және сөйлесуге дайынмын. Біздің ҮЕҰ, қоғамдық кеңестеріміз қайда? Біз осы құрылымдардың барлығын осы іс-шараларға қатысуға шақырдық....», - деп жауап берді вице-премьер.

Айта кетейік, мобильдік топтардың құрамынаа әкімдік, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мен белсенділер кіреді. Бұзушылық фактісі камераға жазылады.

«Мұндай сұрақтар қою өте оңай, бірақ баршамызға бір-бірімізге қамқор болуымыз керек екендігін жеткізу өте қиын. Неге басқаларының қолынан келеді? Неге біз өз азаматтарымызды қорғай алмаймыз? Бұл уақытша құбылыс, бұл өмір бойы маска тағып жүресіз дегеннің белгісі емес. Біраз шыдап, әдеттегі дағдылардан бас тартуымыз керек. Осы мәселені шешуге көмектесіңіз. Ата-анасынан, жақындарынан айырылған адамдарды естен шығармауымыз керек. Мен кез-келген сынды тыңдауға дайынмын, бірақ адамдардың өмірі мен үшін маңыздырақ. Сондықтан осындай мәселелермен бірге жұмыс істеуге үндеймін», - деп түйіндеді Е. Тоғжанов.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!