Әлеуметтік осал топтағы және экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, үздік оқушыларын сауықтыру демалысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуына қаржылай және материалдық көмек көрсетуге жергілікті бюджет қаражатынан ағымдағы жылы 3 млрд. 873 млн. 417 мың теңге бөлінді», - ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов.

Сондай-ақ, демалыстың басым құқығына оқуда үздік нәтижелер көрсеткен оқушылар, дарынды балалар, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ие болатынын атап өтті.

«Тегін қамтылған демалыспен 290 мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы баланы қамту жоспарланған», - деді Ержан Ерсайынов.