2020 жылы Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға арналған шығыстар 10% - ға ұлғайды, техникалық оңалту құралдарымен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге арналған қаржыландыру 17% - ға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Ведомство басшысының мәліметінше, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдауды күшейту және оларды қоғам өміріне тарту мақсатында 19 нормативтік-құқықтық актіге түзетулер енгізілді.

Анықтама: 2020 жылы әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды, оның көмегімен мүгедектер техникалық оңалту құралдары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілерден тікелей тапсырыс бере алады. Порталда ТСР 24 түрі орналасқан, порталдың толық іске қосылуы 2021 жылға белгіленген.

Бұдан басқа, санаториялық-курорттық емдеуді көрсету мерзімі регламенттелген (14 күнтізбелік күн). Мүгедектердің өтініштері бойынша жеке көмекшілердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай тәртібі белгіленген; кохлеарлық импланттарды қайтару бойынша міндеттемелер алынып тасталды; мүгедектік тобы мерзімсіз белгіленетін қалпына келтірілмейтін анатомиялық ақаулар тізбесі кеңейтілді; ересектерге мүгедектік 5 жасқа белгіленетін аурулар тізбесі бекітілді. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай өткізуге кезең-кезеңмен көшу жоспарлануда.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау үшін қаржыландыру 10% - ға артып, 2019 жылы 315 млрд.теңгеге қарағанда 2020 жылы 347 млрд. теңгені құрады. Оңалту және арнайы әлеуметтік қызметтерді техникалық құралдармен қамтамасыз етуді қаржыландыру 17% – ға өсіп, 2019 жылы 86 млрд.теңгеге қарсы 101 млрд. теңгені құрады", - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.