ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытудың жаңа форматтары туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Бүгін, 6 сәуірде IV тоқсанды 3 миллионнан астам оқушы қашықтан оқуға көшті. Спикер қашықтан оқыту бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оқушылардың бір бөлігі теледидар арналары арқылы, бір бөлігі интернет-платформаларды пайдалана отырып оқиды. ҚР Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту үшін бейімделген бірнеше ірі интернет-платформаларды ұсынды. Бұл платформалар "Kundelik", "BILIM Land", "Daryn.Online", "Opiq" және басқалар.

Тек "Kundelik" жүйесінде бүгінгі күні 2,2 миллион бірегей пайдаланушы болды, ал сессиялар саны 32 миллионды құрады.

"Daryn.Online" бағдарламасы бойынша 300 мыңнан астам оқушы оқуға мүмкіндік алды. 400 мыңнан астам оқушы "BILIM Land" платформасын пайдаланды. Сондай-ақ "BILIM Land" платформасында барлық қажетті "тренажерлермен" 3360 телесабақ орнатылған. Министр бүгінгі таңда платформалар жұмысына сессиялар санының көптігіне байланысты елеусіз іркілістер болғанын, алайда техникалық қызметкерлер жұмысын жалғастыруда және осы проблемалар жойылғанын атап өтті.

Телехабарларға қатысты, таңғы сағат 9-дан бастап барлық оқушылар мен олардың ата-аналарына жеткізілген кестеге сәйкес бөлінген телеарналардан трансляция басталды. Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта сурдо-аударманы телесабақтарға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Сөз соңында Министр

"Осы кезеңде ешқандай есептілік болмауы тиіс. Мұғалімдер де, мектептер де, білім бөлімдері де ешқандай есеп тапсырмайды. Әр мұғалім жүргізетін құжаттар, сынып журналы, сабақ жоспары жалпы ешқандай құжат болмауы керек",-деді.