Бүгінде Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында астық толығымен жиналды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауылшаруашылық бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

2019 жылға еліміздің 22,2млн га жеріне астық себілген. Оның 11,4 млн га дәнді дақылдар ал, 11,4 млн га бидай егілген. Жалпы республика бойынша орташа өнімділік 11,5 ц/га құрайды.

"Астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін 395 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді", - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, астық жинау науқаны биыл 25 тамызда басталған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты биыл егін жинау жұмыстары қиындаған.

"2018 жылы 20,3 млн. тонна астық жиналды. Биыл қолайсыз ауа райына байланысты 17 млн. тонна (15% - ға кем) жинау жоспарлануда. Нан бағасы әзірге тұрақты. Науқан толығымен аяқталған соң, қымбаттау мүмкін, бірақ баға айтарлықтай көтерілмейді", - деп атап өтті.

Дегенмен ҚР Ауылшаруашылық бірінші вице-министрі елдегі нан бағасы тұрақтап қалатынын айтты.