ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің жанында жұмыс істейтін республикалық ақпараттық-ағартушылық штабы таныстырылды.

Баспасөз конференцияға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық ақпараттық үгіт насихат штабының басшысы Ырза Тұрсынзада; режиссер, жазушы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық ақпараттық үгіт насихат штабының мүшесі Ермек Тұрсынов; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық ақпараттық үгіт насихат штабының мүшесі Алпамыс Шаримов қатысты.

Ақпараттық-насихаттау штабы халықпен сындарлы дилог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында құрылды.

Бұл тұрғыда ақпараттық үгіт насихат штабының міндеті болып халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жас буын және т.б. арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату.

Ақпараттық штабтың мүшелері болып келесілер тағайындалды: қоғам қайраткері, режиссер, жазушы – Ермек Тұрсынов, қоғам қайраткері, этно-дизайнер – Ырза Тұрсынзада, Парламент Мәжілісінің депутаты – Ирина Смирнова, «Қазақстандағы парламентаризм қоры» басқармасының төрағасы - Зәуреш Батталова, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақмола облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары - Арман Бердалин және т.б.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың толық көлемін қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық облыстарында аймақтық ақпараттық-насихаттау штабы жұмыс істейтін болады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға көмектеседі. Қоғам мен мемлекеттік аппарат арасында тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнату – сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ жерде мықты және заманауи мемлекет құрудың басты факторы.