Карантин кезінде өтінімдерді қабылдау және оларды қарау уақыты қысқарды. Жұмыс онлайн ресімдеуге ауысқан. Статистика бойынша, кепілдікке берілген өтінімдердің 60% - ы электрондық форматта өткен. «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин төтенше жағдай мен карантин кезеңіндегі субсидиялау және кепілдік бойынша жұмыс туралы айтып берді. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта 257 млрд.теңгеге 7, 3 мың жобаға қолдау көрсетілді. БЖК-2025 аясында құны 103 млрд.теңге болатын 1,7 мың жобаға қолдау көрсетілді.

«Және бұл тек басы ғана. Біздің институт әрқашан нарық пен біздің кәсіпкерлердің талаптарын ескере отырып, жаңа шешімдер іздеуде екенін айтқым келеді. Біз инновациялық технологиялар мен ресурстарды дамытуға көбірек көңіл бөлеміз. Төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде 16 наурыздан 11 мамырға дейін «Даму» Қоры субсидиялау құралы бойынша 72,4 млрд.теңгеге 348 жаңа жобаға қолдау көрсетті. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Мақсат қойылды - 2025 жылға қарай біз ЖІӨ-нің 35% - ына қол жеткізуіміз керек»,- деп атап өтті Қарағойшин. Сонымен қатар, холдингтың барлық еншілес ұйымдары ШОБ-ты сақтау және дамыту бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.