Қазіргі кезде Дексаметазон, Меропенем, Амбро препараттарын іздеген адамдар көп. Алайда бұл реанимациялық бөлімшелерде қолданылатын дәрі-дәрмектер. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар бұл препараттарды тек дәрігердің нұсқауымен ғана қолдануға үндеді.

Брифинг барысында қойылған сұраққа «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп жауап берді. Оның айтуынша, аталған дәрілер дұрыс қолданылмаған жағдайда, науқастың денсаулығына зиян келуі мүмкін.

«Мұндай дәрі дәрмектер тек қана ауруханаларда және провизорлық орталықтарда жағдайы ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылады. Сол себепті дәріханалардан бұл дәрі-дәрмекті сатып алып, өз бетінше қолданбауларыңызды сұраймын», - деді компания басшысы өз жауабында.