«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 13 арнайы жобаны іске асыру жалғасуда. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.

Салалық ведомство басшысының мәліметінше, бекітілген жоспарға сәйкес әрбір өңірде барлығы үш бағыт бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда: жеке даму, ұлттық бірегейлікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту. Ақпараттық жұмыс жүргізу үшін «электрондық үкімет» порталы жұмыс істейді. «ruh.kz» және арнайы «азаматтық алаң», онда халық пен азаматтық қоғам өкілдері проблемаларды ашық талқылап, бағдарлама бағыттары бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады. Ақпараттық мазмұнды жасау үшін танымал блогерлер тартылады.

«Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасын іске асыру аясында «2ГИС» электрондық картасына Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының 33 киелі объектісі қосылды. Биылғы жылдың соңына дейін республика бойынша кемінде 50 киелі орынды қосу жоспарлануда.

А.Балаева атап өткендей, министрлік қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттарын орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің стратегиялық құжаттарына ықпалдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл шара мемлекеттік органдарды салалы министрліктердің басты міндеттерін ескере отырып, бағдарламаның арнайы жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

«Министрлік тарапынан тұлғаны дамытуға бағытталған жаңа 4 арнайы жоба бойынша ұсыныстар енгізілді: «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет», «Жаңа – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғасыр». Әрбір арнайы жобаға тұжырымдама әзірленді, онда оны іске асыру механизмі индикаторлармен және күтілетін нәтижелермен егжей-тегжейлі сипатталған», - деп толықтырды ведомство басшысы.