Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алексей Цой хабарлағандай, Шымкенттен келген Айна Бәкеева ресми анықтамамен ақпараттандыру арналарын ретке келтіруді сұрайды.

«Біз онымен әңгімелестік. Мен дәрігердің негізгі сөзін түсіндім. Ол әлеуметтік желілерде және медицина қызметкерлерінің арасында көптеген "емдеу стандарттары" бар деп алаңдайды. Оған осы сұрақтарға жауап алғысы келетін мыңдаған азаматтар жүгінеді. Біз министрлік мамандары растаған ресми ұсыныстарды әзірлегенін, кейіннен ресми сайтқа орналастырғанын айттық. Оның ішінде ол осы қарапайым емдеу хаттамаларын өз ресурстары арқылы халыққа жеткізуге уәде берді», - деді министр.

Ол сондай-ақ көмектесуді қалайтын басқа әріптестердің мүмкіндіктерін пайдаланатынына сендірді. Оның ақпаратына қарағанда, көптеген блогерлер өздерінің бастамашылықтарын көрсетіп, өз алаңдарына коронавирустық инфекцияға қарсы тұруға көмектесетін шынайы ақпараты бар роликтерді тегін орналастыруды ұсынады.