Top.Mail.Ru

Жасотандықтар тағы да бір өзекті мәселені шешуге ниетті. Партияның жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, келесі жылы жас отбасылар мен жұмысшы жастарға кемінде 6 мың пәтер беріледі. Белсенділер «Жастар – Отанға» жаңа бағдарламасы аясында осындай міндетті алдарына қойып отыр.

«Біздің санатымызға жататын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар бағдарламалар бар. Мен екеуіне тоқталайын. Жамбыл облысы мен Алматы қаласындағы «Алматы жастары» және «Әулие Ата жастары». Бұл - төмен пайыздық мөлшерлемемен несиеге тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін аймақтық бағдарламалар. Сондай-ақ, бұл мәселе жұмыс істейтін жастар үшін де шешімін таппақ. 2021 жылы біз кемінде 6 мың адамды қамтуға тиіспіз. Менің ойымша, бұл тек жасотандықтар үшін ғана емес, барлық жас қазақстандықтар үшін жеңіс», - деді ол.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!