Вирустық пневмонияның жеңіл түрі үй жағдайында симптомдық терапиямен емделеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдрының докторы, жоғары санаттағы дәрігер Раушан Қарабаева журналистердің сұрағына жауабында мәлімдеді.

Бұл ретте дене қызуын түсіретін дәрілік заттар беріледі, науқас көп су ішіп, дәрумендер қабылдайды.

«Егер науқаста пневмонияның орташа және ауыр түрі тіркелсе, оны стационарда вирусқа қарсы дәрілермен, қажет болған жағдайда бактерияға және тромбқа қарсы медициналық препараттармен емдейді», - деді Р.Қарабаева.