Top.Mail.Ru

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-конференция барысында қала тұрғындарының әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мәлімдеді.

Елорда әкімі орынбасарының ақпараты бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

  • қалалық стационарларда жұмыс істейтін және инфекция жұқтырған пациенттермен тікелей байланысатын медицина қызметкерлері үшін қонақ үйлер, сондай-ақ олардың қозғалуы үшін көлік бөлінген;
  • қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметін жүргізетін 50 көлік құралы бөлінді;
  • тегін негізде халыққа медициналық қызмет көрсететін елордалық медициналық мекемелердің қызметкерлері көлікпен қамтамасыз етілген.

Тәулік бойы жұмыс режиміне көшкен №2 қалалық емхана базасында ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық орталықтың қызметі ұйымдастырылды. Мұнда емделушілер коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулерден өте алады.

Б.Мәкен атап өткендей, елордада Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ақысыз демалысқа жіберілген азаматтарға төлем тағайындау басталды. Халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында штаб құрылды, оның құрамына "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ комитетінің, қалалық Мемлекеттік кірістер, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, қалалық ортаның сапасын бақылау және бақылау басқармасының өкілдері кірді.

Қазіргі уақытта штаб 31 жұмыс берушіден 317 қызметкерге МӘСҚ-ны қарап, төлем берді, жұмыс берушілерден 480 өтініш қарауда. Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс берушілер мен қала тұрғындары штабта 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12 телефон байланысы арқылы онлайн-кеңес ала алады.

"Birgemiz" акциясы аясында 3,6 мыңнан астам жалғыз басты зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар, халықтың әлеуметтік-осал топтары өкілдерінің отбасыларына атаулы көмек көрсетілді. Оларға бірінші кезекте қажетті өнімдер, гигиеналық құралдар жеткізіледі. Жалпы, карантин кезеңінде 5 мыңнан астам отбасына осындай көмек көрсету жоспарланған.

Елордалық волонтерлер қаланың жеті блокпостының қызметкерлеріне 3,5 мың маска-респираторлар таратты. Бұдан басқа, елордалық волонтерлердің күшімен диспансерлік есепте тұрған егде жастағы адамдарға дәрі-дәрмек жеткізу жүзеге асырылады.

Спикердің айтуынша, карантин кезінде "Қазпошта" қызметкерлері еріктілермен бірге зейнетақы алатын азаматтарға үйге жеткізуді қамтамасыз етеді.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!