Елордада коронавирус жұқтырған балалар бар, олар дәрігерлердің бақылауында. Олардың барлығына тиісті көмек көрсетіледі. Балаларға қажеті дәрі-дәрмектер де бар. №5 Нұр-Сұлтан қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдинаның айтынша, кейбір балалар үйінде қаралса, кейбірі емханаға келеді.

«Олар үшін арнайы фильтр-кабинет әзірленді. Сондай-ақ, науқастар үшін бөлек кіретін есік жасалған, оларды 5-6 дәрігер қарайды. Қазіргі кезде емханаға келген балаларға дене қызуын төмендететін дәрілер, парацетомол, ибуфен беріледі. Ал егер дәрігер пневмония диагнозын растап, антибиотик тағайындаса, оны да беруге жағдай бар», - деді А.Табулдина.