ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-конференция барысында ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова еліміздегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы жұртшылықты хабардар етті.

Спикердің мәліметінше, ағымдағы жылдың 13 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 979 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 100 емделуші сауығып, 21 науқас ауыр жағдайда, 12 өліммен аяқталған. Орташа алғанда күнделікті өсім 9,9% құрайды. Бір тәулік ішінде ел бойынша 86 жаңа оқиға тіркелген, оның ішінде: Нұр-Cұлтан – 20, Алматы – 28. Медициналық бақылауда 34 236 адам бар (стационарлық карантинде – 28%, үйде – 68%).

Л.Бюрабекова атап өткендей, медицина қызметкерлерінің арасында КВИ жұқтыру жағдайлары артып келеді. Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияны жұқтырған медицина қызметкерлерінің үлесі 20,5% (211 оқиға) құрайды. Жұқтырудың барлық жағдайлары Республиканың 13 өңірінде тіркелді, бұл ретте науқас санының жоғары үлесі Алматы (37%), Нұр-Сұлтан (34,7%), Солтүстік Қазақстан (34,9%) және Атырау (27,1%) облыстарында байқалады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша:

  • 74 жағдай-бейінді стационарларда, күдікті және емделген науқастарды күту бойынша;
  • 51 жағдай – инфекциялық емес стационарларда және БМСК желілерінде;
  • 82 жағдай – COVID-19 науқастарын күтуге және емдеуге қатысы жоқ денсаулық сақтау ұйымдарында.

Жалпы, Л. Бюрабекованың айтуынша, медицина қызметкерлері арасында ауру жұқтырудың талдауы COVID-19 жұқтыруына қатысты төмен сақтықты көрсетеді.

"Жұқтырғандардың көп санының ұзақ әсерін және вирустың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, медицина қызметкерлері арасында халыққа қарағанда жұқтырудың үлкен қаупі бар", - деп атап өтті Л. Бюрабекова.

Медициналық қызметкерлердің жұқтыру себептері мен факторларын анықтау бойынша жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша медициналық қызметкерлердің жұқтыру жағдайлары тіркелген медициналық ұйымдарда жүргізілген, денсаулық сақтау ұйымдарының бірқатар басшылары 476-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.

Алматы қаласында 6 жеке меншік медициналық ұйымда медициналық лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру бойынша сот органдарына материалдар жіберілді.