Президент Әбіш Кекілбаев ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Әбіш Кекілбаев — Қазақстан қоғам және саяси қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филолог, әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры.

"Бүгін біз қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған қалам шеберіне ескерткіш аштық. Бұл Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына лайықты сыйлық болды. Оның әрбір туындысы қазақ халқының жүрегіне үн қосты. Әбіш Кекілбаев ұзақ жылдарын өз халқына қызмет етуге арнады", — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты.