2018 жылы қоғамдық қабылдау бөлімдеріне келіп түскен мәселелердің 40 пайызы оңтайлы шешімі тапқан.

«Былтыр, 2018 жылы қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 140 мыңнан астам азамат өз өтініштерімен келді. Оның 40 пайызының оңтайлы шешімі табылып, көмек берілді. Халықтан келетін өтініштердің төрттен бірі әлеуметтік қамтамасыз ету, яғни, зейнетақы мәселесі, алименттер, мүгедектілгін анықтау. Көбінесе материалдық көмек сұрап келеді. Екінші орында – жұмысқа орналасу және еңбек даулары. Жұмысқа орналасу мәселесі бізде өзекті мәселе болып табылады. Үшінші орында – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі және жеке тұрғын үй үшін жер бөліну сұрағы. Осы үш мәселені топ үштік деп айта аламыз», - деді «Nur Otan» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Бақыт Темірова.

Айта кетсек, елімізде 200-ден астам қоғамдық қабылдау бөлмелері бар.

Сонымен қатар, халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Халыққа көмек» партиялық жобасының жұмысы бастады. Бұл жоба Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынып отыр. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.