Шекара ашу және бұрынғы өткізу тәртібін қалпына келтіру мәселесі тәуекелдерді талдау негізінде және үш негізгі көрсеткішті ескере отырып, кезең-кезеңімен шешілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары Олег Фисенко мәлімдеді.

«Біріншісі, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы. Екіншісі, халықаралық әуе, автобус және темір жол қатынастарын жаңарту мүмкіндігі мен шарттары. Үшінші – қазақстандықтар үшін шекараның ашықтығы және сапар жоспарланған елдердегі эпидемиологиялық жағдай», - деді спикер.

Олег Фисенконың айтуынша, бүгінгі таңда мұндай схема бойынша Түркия мен Оңтүстік Кореямен әуе қатынасы жаңартылды.