Қазақстан тұрақты халықаралық авиарейстерді қайта жаңғыртатын бірінші және екінші санаттағы елдердің тізбесі кеңейтілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР ДСМ Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов мәлім етті.

Мәселен, бірінші санаттағы елдерге қосымша Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия жатқызылды. Бірінші санатты елдерден келген жолаушылар үшін шектеу жоқ. Бұған дейін ҚХР, Оңтүстік Жапония, Грузия және Тайланд бірінші санатқа қосылғанын атап өткен жөн.

Спикердің айтуынша, екінші санаттағы елдерге Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан кіреді. Бұрын тек Түркиямен ғана хабар болды.

«Екінші санаттағы елдерден келген жолаушылар үшін мынадай шектеулер бар: covid-ке анықтама болған жағдайда, онда шектеусіз, анықтама болмаған жағдайда санитарлық-карантиндік пункттердің мамандары ПТР-талдаудан өткені туралы 48 сағат ішінде хабарлама немесе әуежайға ұшып келгеннен кейін 14 күндік үй карантинін тапсырады. Анықтама мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен соң жарамды», - деп атап өтті Сәдуақас Байғабұлов.

Айта кету керек, үшінші санатқа бірінші және екінші санатқа енбеген елдер жатады. Мұнда тұрақты әуе рейстеріне тыйым салынады. Сонымен қатар, COVID-ке анықтамасы бар елдердің үшінші санатынан келген эвакуациялық чартерлік рейстердің жолаушылары шектеулерден тұрады, ол болмаған жағдайда ПТР зерттеуден өткені туралы хабарлама алады немесе 14 күндік үй карантиніне жіберіледі.

20 маусымдағы мәлімет бойынша, Түркиядан Қазақстанға халықаралық авиарейстер қайта басталған сәттен бастап 17 авиарейс жасалған. 2163 жолаушы келді, оның 465-і коронавирусқа анықтамаларымен ұшып келді.

Сонымен қатар, ұшу барысында сауалнама жүргізіліп, ұшып келу әуежайында байланыссыз термометрия жүргізіледі. Келген жолаушыларда температура мен басқа да симптомдар анықталған жоқ.