24 қараша Польшаның, Гливице қаласында Қазақстанды таныстыратын өкіл Ержан Максим қатысатын беделді музыкалық байқауы Junior Eurovision өтеді. «Хабар» телеарнасы бұл халықаралық конкурсты тікелей эфирде сағат 21.00-де көрсетеді.

Конкурсқа дайындалу үшін қазақстандық делегация жас әншімен бірге Польшаға 17 қарашада жолға шығады. Гливицеде Ержан Максимді репетициямен бірге, көптеген іс-шаралар, оның ішінде баспасөз отырысы, конкурсқа қатысушы өзге мемлекеттердің қатысушыларымен таныстық күтуде.

Конкурс финалы 24 қараша өтеді.

«Биыл жарысқа 19 ел қатысады, олардың қатарында Албания, Армения, Австралия, Беларусь, Франция, Грузия, Ирландия,Испания, Италия, Қазақстан, Мальта, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерланды,Украина мен Уэльс бар. Ержан Максим еліміздің намысын лайықты дәрежеде қорғайтынына сеніміміз мол, сондай-ақ, төрткүл дүниеге Қазақстанда талантты жастардың өсіп келе жатқандығын дәлелдейтініне күмәніміз жоқ», - деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин баспасөз отырысында.

Ереже бойынша, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 адам байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

Қазақстандықтар тек қана Ержанға ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұнаған өзге елдердің қатысушыларына дауыс беру мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, көрермендердің өз сүйікті әншілеріне дауыс берулеріне тағы да 15 минут уақыттары болады.

Байқау бойынша және дауыс беру ережесі бойынша толығырақ төмендегі сілтемеден білуге болады: https://jevision.khabar.kz/ru/

Анықтама үшін:

● Ересектер «Евровидениесінен» айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді.

● Ересектер «Евровидениесінен» тағы бір айырмашылығы, балалар конкурсына қатысушы елдердің орындаушыларына өз елдерінің өкілдерін қолдауға рұқсаттары бар. Ол үшін (junioreurovision.tv) ресми сайтында дауыс беруге болады. Онлайн дауыс берудің бірінші сатысы 23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 01.00-ден бастап 24 қараша күні сағат 20.59-ға дейін жалғасады. Онлайн дауыс берудің екінші сатысы ән орындалғаннан кейін басталады және 15 минутқа ғана созылады.

● Қазақстан 2019 жылдың 24 қарашасында Гливице қаласы, Польшада өтетін халықаралық «Junior Eurovision Song Contest» ән байқауына екінші рет қатысады. 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Eurovision» аналогында елімізді Ержан Максим таныстырады. Қазақстанның аумағында байқауды «Хабар» телеарнасы трансляциялайтын болады. «Хабар» Агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.

● Былтыр Қазақстанды ән байқауда Данелия Тулешова таныстырды. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, ол үшінші орынға ие болды. Көрермендер мен төрешілердің дауыс беру нәтижесі бойынша жас әнші алтыншы орынды иемденді.

● Junior Eurovision байқауының шарты бойынша, финалда қатысушылар еш жерде жарияланбаған ұзақтығы 2 минут 45 секундтан 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет. Жеңімпаз қазылар алқасы мен қатысушы мемлекеттердің дауыс беруі арқылы анықталады. Қазылар алқасына 5 адам кіреді – 3 ересек және 2 бала. Ересектер «Евровидениесінен» айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді, бұл жас орындаушыларға артық қысым болмауы үшін істелген шара. Байқау ұйымдастырушыларын алдын ала Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) анықтайды.

● Алғаш рет «Junior Eurovision Song Contest» 2003 жылы Копенгаген (Дания) қаласында 16 мемлекеттің қатысуымен өткен болатын. Ал телекөрермендердің және қазылар алқасының ортақ шешімімен жеңімпазды анықтау 2008 жылдан бастап мүмкін болды, оған дейін дауыс беру көрсетілім кезінде көрермендермен жүзеге асқан еді. 2007 және 2008 жылдардағы дауыс беруден түскен пайда «UNICEF» жолданды».

● 10 қазан күні Ержан Максимнің «Арманнан қалма!» («Don’t forsake your dream») деп аталатын әнінің тұсау кесері өтті. Әннің авторлары - Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және Тимур Балымбетов. Сондай-ақ, дәл осы күні конкурстық әнге таспаланған бейнебаянының да ресми тұсау кесері болды. Бейнебаянның режиссері – Александр Фломбойм, продюсері – Сергий Руцкий. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында жүргізілген.