ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-баспасөз конференциясы барысында ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев жұртшылықты ТЖ кезеңіндегі интернет пен электрондық үкімет порталының жұмысы туралы хабардар етті.

Министрдің мәліметінше, мемлекет бойынша енгізілген ТЖ режиміне байланысты барлық телекоммуникация желілеріне жүктеме артқан. ХҚКО жабылғаннан кейін электрондық үкімет порталына түсетін жүктеме күрт өсті, тіпті портал штаттық режимде жұмыс істеген және миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілген.

Ведомство басшысының айтуынша, әдеттегі уақытта порталға сағатына 600 мың өтініш келіп түскен, қазіргі уақытта ең жоғары жүктеме сағатына 15 млн. дейін жетеді, бұл порталға өте ауыр жүктеме береді.

Сонымен қатар, enbek.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталында АӘК ұсыну бойынша қызмет көрсету жөніндегі сайттың жұмысы туралы хабардар етті. А.Жұмағалиев атап өткендей, бірмезгілдік өтініштердің үлкен көлемі онлайн-өтініштердің рұқсат етілген шегінен асып түсті. Бұдан басқа, осы порталдың жұмысын үзу үшін жасалған сыртқы кибершабуыл фактілері тіркелген.

Министрдің айтуынша, қысқа уақыт ішінде атаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету бойынша 11 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бүгінгі күні 450 мың азамат 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алуға өтініш берді, бұл ретте 76 мың азамат төлемді алдын ала белсенді режимде тағайындау туралы СМС-хабарлама алды. 66 мыңнан астам адам өздерінің банк карталарына тиісті қаражат алды.

Белсенді режимде жәрдемақы алған азаматтарға өздерінің банктік шоттарының нөмірлерін кейіннен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру үшін жіберу туралы сұраныспен 238 мың СМС хабарлама жіберілді. А.Жұмағалиев атап өткендей, қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталы "enbek.kz" тұрақты жұмыс істейді, ал ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы порталдың тұрақты жұмысын қолдау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Ведомство басшысы өз сөзінде азаматтарды атаулы әлеуметтік көмек алуға тіркеу бойынша қызмет көрсетуге бағытталған Telegram-бот әзірлеу туралы жеке тоқталды. Қазіргі уақытта бот әзірлеу сатысында және жақын арада ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске қосылатын болады, бұл туралы халыққа қосымша хабарланатын болады.

Министрдің ақпараты бойынша, колл-орталықтың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның, ХҚО-ның 2 мыңнан астам қызметкері қосымша қосылды.

"Колл-орталыққа күн сайын 600 мыңнан астам азамат өтініш жасайды, бұл аталған колл-орталықтың техникалық мүмкіндіктерінен айтарлықтай асып түседі", - деп атап өтті А. Жұмағалиев.