ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазпошта" арқылы зейнетақы мен жәрдемақы беру туралы "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов сөз сөйледі.

Спикер атап өткендей, Қазақстанда төтенше жағдай мен карантиндік режим енгізілген сәттен бастап "Қазпошта" тұрғындарға барлық пошталық және қаржылық қызмет көрсетуді бір күнге тоқтатқан жоқ. Алайда, карантин жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша пошта бөлімшелерінің жұмыс режиміне түзетулер енгізді.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 34 бөлімшенің 10-ы, Алматы қаласында 91 нүктеден 30-ы (10.00-ден 16.00-ге дейін) жұмыс істейді. Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды қаласында сағат 16.00-ге дейін, қалған өңірлерде сағат 17:00-ге дейін бөлімшелердің жұмыс тәртібі қысқартылды. Көптеген аймақтарда әкімдіктердің өтініші бойынша бөлімшелері демалыс күндері де жұмыс істейді. Барлық аймақтардағы бөлімшелердің жұмыс тәртібі post.kz сайтында орналастырылған.

Барлық почташылар, курьерлер поштаны, хаттарды, газеттерді штаттық режимде жеткізеді.

"Сол уақытта пошташы әр күні, өз денсаулығын тәуекелге тігіп, хат-хабарларды жеткізу үшін жұмысқа шығады. Сондықтан мен сізден олардың еңбектеріне құрметпен қарауды, олармен қауіпсіз қарым - қатынас ережелерін сақтауды сұраймын", - деп ерекше атап өтті Сәкен Сәрсенов.

Штаттық режимде, бұрын да, 80 жастан асқан зейнеткерлерге және арнайы санаттағы азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы жеткізу жүзеге асырылған. Қозғалуға енгізілген шектеуді ескере отырып, пошта бөлімшелерінде төлем алатын барлық зейнеткерлерге сәуір айына зейнетақыны үйге жеткізу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, "Қазпошта" қалауымен зейнеткерлерге төлем карталарын үйге жеткізуді жүзеге асырады.

Бүгінгі күні 389 572 зейнетақылар үйге жеткізілді, 6 мың зейнеткер төлем картаға аударылды. "Қазпочта" ресми сайтында зейнетақыны үйге жеткізіп беру үшін өтінімдерді және төлем карталарын рәсімдеуге арналған байланыс номерлері жазылған.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кірістерінен айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталды. Осыған байланысты, ауылдық жерлерді қоса алғанда, барлық бөлімшелерде экспресс-карталар мен ағымдағы шоттар ашу, сондай-ақ БЖТ қабылдау жүзеге асырылады.

Соңғы 6 күнде "Қазпошта" АҚ 200 мыңға жуық клиентке қызмет көрсетті. 6 сәуірдегі жағдай бойынша 100 695 шот ашылды, 139 758 адамнан ӨСП төлемі қабылданды.

Онлайн баж төлеу мүмкіндігі туралы барлық нұсқаулықтар "Қазпошта" ресми аккаунттарында әлеуметтік желілерде және сайтта орналастырылған.

Қазіргі уақытта post.kz порталында онлайн шот ашу және жәрдемақы алу үшін виртуалды карта шығару бойынша қызметтер қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Осы қызметті енгізу халыққа бөлімшелерге бармауға мүмкіндік береді және карталарды үйге жеткізу қажеттілігін болдырмайды. Қызметті іске асыру туралы қосымша хабарланатын болады.