Магистратураға түсуге арналған тестілеу нәтижесі бойынша 12 853 үміткердің 45,7%-ы мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.

«1021 тестіленуші КТ өткізу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды», - деді ҚР Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а Дидар Смағұлов.

Айтуынша, тестілеуге кіргізу және тестілеу барысында 20497 смартфон мен электрондық құрылғылар, 498 шпаргалка, 373 калькулятор және басқа да тыйым салынған заттар тәркіленген.

Ал апелляцияға барлығы 1642 өтініш қабылданды, оның ішінде тест тапсырмаларының мазмұны бойынша – 1580, техникалық себептер бойынша - 62.

«Апелляцияға берілген 346 өтініш қанағаттандырылды, 1296-ы- қағанаттандырылмады», - деді ол.

Сонымен қатар, КТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 3 адам қатысты, олар үшін жеке аудиториялар, жеке көмекшілер, сондай-ақ сурдоаудармашылар ұсынылды.