Top.Mail.Ru

Елорданың коммуналдық кәсіпорындарының жұмысы туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-конференция барысында Нұр-Сұлтан қаласы Жылу-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл айтты.

Спикердің айтуынша тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілуде:

  • барлық коммуналдық кәсіпорындарда нұсқаулық және штабтық оқу-жаттығу өткізілді;
  • барлық коммуналдық кәсіпорындар кезекшіліктің күшейтілген режиміне көшірілді;
  • астананың 4 ауданында тәулік бойы кезекші авариялық бригадалар, арнайы техника және барлық желілердегі авариялық жағдайларды жою үшін жұмыс персоналы ұйымдастырылған;
  • төтенше жағдай кезінде қаланы үздіксіз электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету бойынша жауапты тұлғалар тағайындалды;
  • барлық коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істейді;
  • коммуналдық кәсіпорындардағы азаматтардың жеке қабылдаулары тоқтатылды, онлайн-режимге ауыстырылды;
  • «iKomek 109» қызметі 53 операторға дейін және 120 қоңырауға дейін кеңейтілді. Өтініштерді қабылдау сондай-ақ әкімдіктің сайтында және "iKomek 109", "СмартАстана" мобильдік қосымшасында, телеграмма чатында жүргізіледі.;
  • барлық жұмыс орындарын санитарлық өңдеу ұйымдастырылды;
  • жұмысшы қызметкерлер барлық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Аудандық әкімдіктер ПИК - пен бірлесіп апта сайын кіреберістерді, баспалдақ торларын, лифт шахталарын, терезе жақтауларын, баспалдақ тұтқаларын және есік ойықтарын дезинфекциялау жүргізеді.

City Transportation Systems (CTS) ЖШС директоры Бекмырза Игенбердинов атап өткендей, бүгінгі таңда жолаушылар ағыны (30% - 17 наурыз, 40 % - 18 наурыз) төмендегені байқалады. 19 наурыздан бастап қоғамдық көлік жұмысында өзгерістер болады: маршруттар саны 21%-ға (856 – дан 676 бірлікке дейін) қысқарады; қалалық және экспресс-маршруттардағы автобустар саны 20% - ға қысқартылады; қала маңындағы маршруттардағы автобустар саны 32% - ға қысқартылады.

Бұдан басқа, маршруттардың жүру уақыты қысқарады: қалалық және экспресс-маршруттар сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Автобустарды, аялдамаларды дезинфекциялау бойынша қажетті іс-шаралар автобус парктерінің өзінде тұрақты негізде өткізіледі.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!