«Анашым, біз үйдеміз» жобасы аясында 20 көпбалалы отбасының пәтеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын. Осы орайда «31 арнамен» бірігіп, «Анашым, біз үйдеміз» деп аталатын жаңа жобаны көрерменге ұсынғалы отырмыз. Пәтерді жөндеу - қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін маңызды. Отандық телеөнім арқылы осы мәселенің шешімін табамыз деген ойдамыз. Пәтерлер мен үйлері толық жаңартылады. Бұл жобаның кейіпкерлерімен де көрермен жан-жақты танысады», - деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Аталған жоба Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды. Ал жөндеу жұмыстары жүргізілген уақыт аралығында отбасыларға жалдамамалы пәтерлер берілетін болады.

«Мемлекет тарапынан бұл жобаға 130 млн теңге соммасында қаржы бөлінді. «31 арна» өз тарапынан да қаражат бөледі. Сол арқылы осы жылдың соңына дейін 20-дан аса отбасының баспаналарын толық жөндеуден өткізіп береміз», - деді Дәурен Абаев.

Жобаға қатысу үшін dom@31.kz электрондық поштасына өтініш жіберу қажет. «31 арна» комиссия мүшелері сол отбасылардың тарихымен танысып, толық мағұлмат алып, қай отбасыларға көмектесу туралы шешімді қабылдайды.