ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың мәліметінше биыл егін егу-жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарына 380,0 мың тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына 395,0 мың тонна бөлген.

Науқан кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті мұнай өнімдерінің көлемін анықтап, ҚР Энергетика министрлігіне егін егу-жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизельдік отынды жеткізу көлемі туралы ұсыныстарды енгізеді.

ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов: «2019 жылғы көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде дизель отынының ұсынылатын бағасы 193 мың теңге/тоннаны, ал күзгі егін жинау жұмыстары кезеңінде 198 мың теңге/тоннаны құрады. ҚР Энергетика министрлігінде ауылшаруашылығы тауарын өндіруші үшін дизель отынының арзандатылған бағасын заңнамалық бекіту құзыреті жоқ екенін атап өткен жөн», - деді.

Көктемгі егіс жұмыстарының графигі 96,4%-ке орындалды, жоспарлы 380,0 мың тоннадан 366,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді дейді мамандар. Ал, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша орындалу 65,4%-ды құраған. Жоспарлы 395,0 мың тоннадан 258,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді, оның ішінде:

  • шілде айында 94,7%, жоспарлы 116,2 мың тоннадан 110,1 мың тонна тиеп-жөнелтілді;

  • тамыз айында 87,7%, жоспарлы 128,8 мың тоннадан 113,0 мың тонна тиеп-жөнелтілді (Жоспарлы көлемді толық жеткізбеу кеш төлемге, тиеп-жөнелту сатысындағы көлемдерге немесе жолдағы көлемдерге байланысты, бұл ретте айдың қорытындысы бойынша орындалу пайызы жоғары болады);

  • қыркүйек айында 27,0%, жоспарлы 130,4 мың тоннадан 35,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді;

  • қазан айында график бойынша 19,6 мың тонна тиеп-жөнелту жоспарлануда.