Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық кеңес: қоғамдық келісімді қайта жандандыру» атты пікірталас клубтың отырысы болып өтті.

Диалог алаңының мақсаты – әлеуметтік жандандырудың өзекті проблемалары мен жүргізіліп жатқан реформалардың бағытын талқылау, сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында диалогты одан әрі жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу.

Пікірталас клубтың отырысына мемлекеттік орган өкілдері, ҮЕҰ, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Отандық ғалымдар, сарапшылар мен блогерлер қатысты. Іс-шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК-нің мүшесі Е.Саиров болды.

Саясаттанушы Е. Саиров құттықтау сөзінде заманауи әлемдік практикада келіссөз алаңдары саяси процестерді іске асырудың эффективті механизмі екенін, Президент Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен құрылған ҰҚСК бірегей диалогтық тәжірибе және мемлекеттік байланыс саясатын дамытуда жаңа кезеңді қалыптастырғанын атап өтті. Танымал саясаттанушы А. Сарым өз сөзінде ҰҚСК мемлекет пен халықтың, билік пен азаматтардың арасында диалог орнату үшін маңызды алаң екенін атап өтті. Сонымен қатар ол қоғамдық келісім жаңа шарттардағы сапалы өсім мен өркендеу үшін экономика, адам құқығы салаларында өзгерістерге түсу керектігіне тоқталды. Жаңа шарттар мемлекеттік басқару саласында да үлкен ашықтық пен бәсекенің өсуін талап етеді. Қоғамды жандандыру үшін азаматтық бейбітшілік пен сапалы өмір қажет.

«Серпін» ұлттық білім беру мен инновация палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҰҚСК-нің мүшесі М. Әбенов Ұлттық кеңестің пайда болуы мемлекет пен қоғам арасындағы диалогқа деген қажеттіліктен туындағанын, елдегі әлеуметтік қайшылықтарды шешуге шақыратынын айтты. Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу елдегі барлық әлеуметтік топтардың белсенді қатысуынсыз іске асыру мүмкін еместігін атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Еуразиялық интеграция институты мен ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ.