ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қытай Халық Республикасының дәрігерлерімен тәжірибе алмасуға арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз іс-шарасына спикерлер ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова, Қытай Синьцзян Автономиялық Республикасы халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь, дәрігер-инфекционист доктор Лу Сяобо қатысты.

М. Ембергенованың ақпараты бойынша, коронавирустық инфекцияға қарсы күресте Қазақстанның жан-жақты қолдауы туралы халықаралық келісімдер аясында қазақстандық дәрігерлерге көмекке қытайлық сарапшылар тобы келді. Қытай делегациясының құрамына инфекционист-дәрігерлер, пульмонологтар, эпидемиологтар, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігерлері, басқа да медицина қызметкерлері кірді.

15 күн ішінде сапар аясында Қазақстан мен Қытайдың медицина қызметкерлерінің Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы Денсаулық сақтау ұйымдарында кездесулері, жұқтырған пациенттерді диагностикалау және емдеу бойынша бірқатар бейнеконференциялар мен консультациялар, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша эпидемиологиялық мәселелерді талқылау өтеді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, дәрігер-инфекционист доктор Лу Сяобо коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тиімді әрекет ету мақсатында, бірінші кезекте: ауру белгілері анықталған пациентті карантинге орналастыру; ауырған адаммен тікелей байланыста болған адамдардың тізімін анықтау, оларда жұқтырудың бар-жоғына тестілеу жүргізу; ауру тарихын зерделеу, жалпы жағдайын зерделеу, тестілеу қорытындысы бойынша деректерді салыстыру бойынша шаралар жүргізу арқылы емдеу тағайындау қажет екенін атап өтті.