Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентімен салық төлеушілермен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды шегеру жолымен шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізу туралы тапсырма берілді.

Жаңа ереже талаптарымен бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде құзырлы мекеме басшылары таныстырды.

"Айталық, негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда, салық төлеушілерге 2018 жылғы 1 қазанға есптелген өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы және де негізгі қарызды төлеген күнге дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады. Салық төлеуші негізгі қарыз сомасын ағымдығы жылдың соңына дейін төлеуге құқылы екеніне назар аударамыз", - деді сарапшылар.

Рақымшылыққа жер қойнауын пайдаланушылар, акцизді тауарларды өндірушілер және де мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер сияқты, түсім нормасы жоғары экономика салаларында қызмет жүргізетін салық төлеушілердің жеке категориялары жатпайтынын атап өткіміз келеді.

Қосымша қабылданған өзгертулерге сәйкес салықтық рақымшылыққа 2018 жылғы 1 қазан жағдайына бересі болған салық төлеушілер, сондай-ақ аталған күнге тексеріс нәтижелеріне шағым тапсырған салық төлеушілер жатады. Сонымен қатар, салықтық рақымшылық 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзіммен қосымша салық есептілікткері тапсырылған салық төлеушілерге таратылады.

Бүгінгі күні 41 820 бизнес субъектілірі 12,5 млрд.теңге бересін төлеп, салықтық рақымшылықты пайдаланды, олар бойынша 4,0 млрд. теңге өсімпұл 291,2 млн. теңге айыппұл есептен шығарылды. Мемлекеттік қолдаудың және салық төлеушулердің берешектерін нөлдеу нәтижесінде салық төлеушілердің банктік шоттары ашылып, мүлікке қойылған шектеулер шешілді, бұл салық төлеушілерге кәсіпкерлік қызметін ары қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.