ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Марат Шоранов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жұмысының бірінші айының қорытындылары туралы хабарлады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Халықпен байланысты қамтасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қордың 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 24/7/365 тәртібі бойынша жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда байланыс орталығына азаматтардан 37 мыңнан астам жолданымдар келіп түсті, олардың 97% консультативтік сипатта және 3% шағымдар.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90% астамы (17 млн адам) МӘМС қатысушылары болды. Оның ішінде 11 млн-ға жуық адам - бұл 15 жеңілдігі бар санаттағы азаматтар, ал олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. 2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды. Ең көп жарна мемлекет есебінен түсті-24 млрд теңгеден астам (азаматтардың жеңілдігі бар санаттары үшін). 2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 258 медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасады, оның ішінде 657 медициналық ұйым мемлекеттік меншікте (52%) және 601-і жеке меншік (48%).

2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер (мамандардың кеңесінсіз) 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27% - ға өсті. Оның ішінде КТ және МРТ қызметтерін тұтыну 54% – ға, УДЗ-21% - ға артты. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерінің барлық түрлері мен бейіндері бойынша 48% - ға өсуі байқалады, оның ішінде невралгия (инсульт) бейіндері бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 3,2 есе өсті.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуімен денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді, ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды. .