Негізгі астық егетін өңірлерде 1,7 млн. га алқапта астық ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге кірісу жоспарлануда, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңделуі толығымен аяқталды. 7,3 мың га өңделді, оның ішінде Түркістан облысында 5,0 мың га және Жамбыл облысында 2,3 мың га», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

Сонымен қатар, итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары жалғасып жатқандығын да айтып өтті. Ағымдағы жылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша итальяндық прус бойынша 341,7 мың га және азиялық шегірткелерге қарсы 133,2 мың га өңделген.

«Бұдан басқа, негізгі астық егетін өңірлерде 1,7 млн. га алаңда астық ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге кірісу жоспарлануда, оның ішінде Ақмола облысында – 739,7 мың га, Қостанай облысында – 438,1 мың га және Солтүстік Қазақстан облысында – 574,0 мың га. Аталған өңірлерге фунгицидтердің барлық көлемі толықтай жеткізілді»,- деді Сапархан Омаров.

Айтуынша, республикалық бюджеттен аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау іс – шараларын ұйымдастыру үшін 4,4 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге – 2,1 млрд. теңге бөлінген.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!