12 қаңтар күні сағат 14.00-де Ботаникалық саябақтың аумағында мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау өтеді.

Ұйымдастырушылар – Есіл ауданы әкімінің аппараты. Іс-шараның басты мақсаты – шығармашылық тәжрибиемен алмасу, қала тұрғындары мен қонақтарына бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау және Астана қаласын мәдени туризм орталығы ретінде насихаттау.

Сайысқа 16 команда қатысады. Қатысушалыр қатарында Қазақстан, Ресей Федерациясы және Қытайдан келген азаматтар бар. Қазақстанның атынан шығатын шеберлер Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау, Орал, Риддер, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақмола облысынан келіп отыр. Астана қаласынан 4 топ қатысады.

Әр бір команда қазылар алқасының назарына 1 мүсінді ұсынатын болады. Шеберлердін жұмыстары «Шығыс ертегісі: Астананың 101 түні» деген тематикаға сай болуы керек. Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқаудың қорытындылары 16 қаңтар күні анықталады. Бас жүлде мен жүлделі орындардың иегерлеріне кубок, диплом және ақшалай сылықтар табысталады. Жүлдесіз қалған қатысушылар да құр қол кетпейді.