Биыл бұқаралық ақпарат құралдарының жарнамалық кірістерін жоғалту болжамы орташа есеппен 30-дан 60%-ға дейін есептеледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Министрдің ақпараты бойынша, дағдарысқа қарсы шаралар аясында Парламент 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі кезеңге еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатуды қарастыратын заңнамаға түзетулерді мақұлдады.

Бұдан басқа, Парламент қабылдаған заң жобасы шеңберінде коммерциялық теле-радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге босату көзделген.

Анықтама үшін:ТЖ режимі жағдайында және алдын ала есеп айырысу бойынша валютаның құнсыздануын ескере отырып, жоспарланған шығындар:

  • 60 теле, радиоарналар бөлінісінде – 810 млн.теңгеден астам (2020 жылға кірістің 55,6%).
  • 50 баспа басылымының бөлінісінде – 1,5 млн.теңгеден астам (2020 жылға кірістің 32,0%).