Нұр-сұлтан қаласында қылмыс жасаған күдіктіге қатысты басталған қылмыстық тергеу туралы БАҚ өкілдерін бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов хабардар етті.

Спикердің ақпараты бойынша, бүгін таңғы 06.52-де кезекші пультіне белгісіз біреу такси жүргізушісін ұрып, көлікті айдап әкеткендігі туралы қоңырау келіп түскен. Сағат 06.59-де бейнебақылау камерасы Тәуелсіздік көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолында екі адамды қағып кеткенін анықтады.

Көлік жүргізушісі тіпті тежеуге тырыспаған. Нәтижесінде 48 жасар әйел қаза тапты. Сондай-ақ, ауруханаға 14 жасар бала түрлі дене жарақатымен жеткізілді.

"Ұсталған азамат жүргізуші куәлігінсіз мас күйінде болған. Сонымен қатар, бұрын екі рет сотталған (тонау, ұрлық) болып табылады, оның өтелмеген соттылығы бар. Қазіргі уақытта ұсталған адам изоляторда қамауда, тергеу әрекеттері жүргізілуде",- деді Е. Саденов.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!