5 шілдеде Сауран көшесі, 12/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Есіл» аула клубында Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай мини-футболдан турнир өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және «Есіл» аула клубы болды.

Іс-шара жастарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, денсаулық мәдениетін тәрбиелеп дағдыландыру мақсатында өткізіледі.

photo_2019-07-05_14-15-43.jpg

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Зарина Керуенова қала тұрғындары мен команда мүшелерін Астана күнімен құттықтай отырып: «Балаларды жастайынан денсаулық мәдениетіне тәрбиелеп дағдыландыру қажет. Өйткені, ересектерде денсаулықпен байланысты кездесетін проблемалардың көбісі жас кезінен басталады.

Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздіктен немесе артық салмақтан зардап шегеді, мұндай көрсеткіш ересектер арасында да кездеседі. Бұл, өз кезегінде диабет секілді көптеген күрделі мәселелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, спорт және дұрыс тамақтану арқылы аурулардың алдын алу маңыздылығына үлкен көңіл бөлген жөн»,- деп белгілеп өтті.

Сондай-ақ, «Champion Gym» фитнес-орталығының кәсіби жаттықтырушылары Алмас Алпыспаев және Алмаз Әкімов тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен және «Есіл» аула клубының мүшелерімен бірге жаппай жаттығу жасады.

Іс-шара соңында қатысушы командалар диплом және естелік сыйлақтармен марапатталды.