Құрметті БАҚ өкілдері!

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Журналистерді аккредитациялау ережесіне өзгерістер енгізуге байланысты бірінші талқылау жиыны өтеді.

Кездесу 2019 жылдың 25 ақпанында сағат 16.00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.

Қатысам деушілер «Қазмедиа орталығы» ғимаратына кіру үшін 2019 жылдың 25 ақпаны сағат 15.00-ге дейін sck.astana@gmail.com электрондық мекен-жайына өзі туралы деректерді жібере алады. Байланыс телефондары: 8 (7172) 559348, 559333.