Дәрігердің онлайн-консультациясынан кейін немесе мобильді бригадалар үйде тексеру өткізген соң пневмония расталған жағдайда, науқасқа антибиотиктер тегін беріледі. Бұл амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялақ қызметінде өткен брифингте №5 Нұр-Сұлтан қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина хабарлады.

«Науқастың дене қызуы 3-4 күн бойы көтеріліп, қан талдауында өзгерістер орын алған науқастарды тексергеннен кейін бактериалды пневмонияның белгілері анықталса, оған дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген антибиотиктерді береміз», - деді А.Табулдина.