Павлодар облысында пандемия басталғалы COVID-19 жұқтырған 1460 адам тіркелді. 532 адам сауығып шықты, 14-і қайтыс болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы осындай көрсеткіштерді жария етті.

Әбілқайыр Сқақов пневмонияға шалдыққандар бойынша статистикаға да тоқталып өтті. Қазіргі кезде провизорлық стационарларда 2 мыңнан астам науқас жатыр, 1644-і амбулаториялық ем қабылдауда. Айта кетейік, провизорлық төсек-орындар саны 4 есеге артты. Жаңа триаж-орталыққа 390 адам жеткізілді, 70%-ы стационарларға жіберілді.