ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты.

Ол өткен жылы өңір экономикасы 6,2%-ға артқанын және ағымдағы жылы облыста осы деңгейді ұстап қалуды жоспарлайтындықтарын айтты.

"Жыл басынан бері өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға артық", - деді Болат Бақауов.

Республикалық қайта өңдеу көлемінің 12 пайызға жуығын қатмамасыз ететін қайта өңдеу секторының кәсіпорындары тұрақты өсім деңгейін көрсетіп келеді. 9 айдың ішінде мұнай өнімдерін өңдеу - 3,8%, металлургия – 2,4%, химия – 9,8%, машина жасау өнеркәсіптері – 5,6%-ға ұлғаюы байқалады. Тау-кен өндірісі секторында Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған Бозшакөл ТКБК өндіріс көлемін арттырып келеді. Осы кәсіпорындағы металл рудалары мен концентрат өндірісі 1,2 есе артты.

Әкімнің айтуынша өңірде екі ірі инвестициялық жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Олар: Ақсу ферроқорытпалар зауытындағы феррохром өндірісін 11%-ға арттыруға мүмкіндік берген №64 пешті жаңғырту және «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ-ғы №5 энергоблокты қайта құру жұмыстары. Бұл жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 80 млрд теңгеден астам соманы құрады.

"Өткен жылы шикізаттық емес тауарлардың экспорт көлемі облыс бойынша 2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 3 есе артық", - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі.

Осы жылдың басынан бері экспорттық жеткізілімдердің көлемі 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Отандық өнімдердің экспортын арттыру мақсатында жаңа сатылым нарықтары зерттеліп жатыр. Екібастұздағы №1 МАЭС осы жылы Өзбекстан нарығына электр энергиясын шығара бастады. «Вектор Павлодар» ЖШС Ресей Федерациясына жеңіл құймалы автомобиль дискілерін экспорттайды.

Жыл басынан бері өңір экономикасына 347 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 112,7%-ға артық. Жеке инвестициялар осы көрсеткіштің 75%-ын құрайды. Агррарлық секторда да жыл сайын инвестициялардың өсімі байқалады. Агроөнеркәсіптік кешендегі 1 бюджеттік теңгеге 4 теңге жеке инвестициялар тартылды.