ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «QazaqTrade-нің қазақстандық экспортты қолдау мүмкіндіктері» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. Шараға «QazTrade»сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Арман Әбенов, «Эспорттық акселерация» жобасының жетекшісі Шыңғыс Торез қатысты.

«Qazatrade» шетелдік нарықтарға біздің өнімдеріміздің ұсынылуын кеңейту мүмкіндігі тұрғысынан талдау жүргізеді. Әңгіме осы нарықтарға арналған жаңа тауарлар, сондай-ақ экспортқа шығарылатын өнімді жеткізу көлемін ұлғайту мүмкіндігі туралы болып отыр. Мәселен, соңғы бірнеше жылда жекелеген елдерге жеткізілген импорттық тауарлардың тізбесі талданады. Бұл ретте, бұл тізбе Қазақстанда өндірілетін тауарлармен салыстырылады. Бірқатар көрсеткіштер бойынша салыстыру жүргізіледі: құны, сапаға қойылатын талаптары, көлемі және т. б. Логистикалық мүмкіндіктер талданады: өткізу нарықтарына дейін жеткізу шығындарын ескере отырып, қазақстандық өнім қаншалықты бәсекеге қабілетті болатыны. Және осындай талдаудың нәтижелерін ескере отырып, нақты елдер үшін тауарлар тізбесі жасалады, онда біз өзіміздің саудалық қатысуымызды кеңейте алатын боламыз. Мысалы, Сауда және интеграция министрі Швейцарияға, АҚШ-қа сапары кезінде жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ доллары болатын қазақстандық 263 тауар позициясы тізбесін ұсынды. Бұл феррохром, минералды тыңайтқыштар, уран, күнбағыс және қытай бұршағы майы, т. б. тауарлар.

Талдау көрсетіп отырғандай, біздің тауарларымыздың басқа елдердің тауарларымен салыстырғанда негізгі бәсекелестік артықшылығы қолайлы экспорттық бағасы болып табылады. Сонымен қатар, біздің азық-түлік тауарларының сапасы мен органикалық болуы ГТО өнімдерімен толықтырылған елдердің нарықтарында да ұтымды болады.

Шекара маңындағы нарықтарға ерекше көңіл бөлінеді. Жуырда Өзбекстанда «Агроөнеркәсіп кооперациясы, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Өзбекстан мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының 2-ші форумы болып өтті. Онда 27 қазақстандық компания өнімдер мен қызметтер көрмесіне қатысты. Осы компаниялардың бірі - «Азия Авто» компаниясы Өзбекстан нарығына өз өнімдерін шығаруға дайындалуда. «Qazaqtrade» мұндай ірі компаниялардың көрші нарыққа жай ғана шығып қоймай, автохимия өндіретін, яғни майлар, антифриздер, шыны тазалағыштар және т. б. шығаратын қазақстандық компаниялармен кооперацияға шығуы мәселесін пысықтай бастады.

«Өткен демалыс күндері мен автохимия өндірушілер қауымдастығының өкілдерімен және біздің автоөнеркәсіп компанияларымен кездестім, онда сыртқы нарыққа шығу үшін біздің компаниялардың осындай «кооперациясының» келешегін талқыладық, - деп хабарлады «Qazaqtrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Арман Әбенов.

  • Атап айтқанда, мұндай кооперацияның мүмкіндігі, сондай-ақ біздің автохимиялық өнімдерімізді жеткізу желісін кеңейту сияқты техникалық реттеу мәселелерінде, дәлірек айтқанда, Оңтүстік Кореяда аккредиттеуден өту қажеттілігіне көз жеткізуі мүмкін екені анықталды. Бұл тек экспорт жоспарланып отырған елдердің техрегламенттері ғана емес, сонымен қатар басты өндіруші компания стандарттарының ерекшеліктері де болып табылады. Біздің жағдайда бұл - Хендай». Біздің өнімдеріміз кедергісіз сатылуы және «Qazaqtrade» автоөндірушілерімен ынтымақтастық жасау үшін Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірге осы бағытта жұмыс жүргізу басталды.

Орталықтың талдамалық жұмысының тағы бір бағыты әлемдік нарықтағы ахуалдың мониторингі және олардың тауарлар мен қызметтердің сыртқы саудасына әсерін талдау болып табылады. Бүгінде көптеген елдер үшін өзекті тренд - қосылған құнның жаһандық тізбегіне қосылу. Бұл отандық экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін. Сауда және интеграция министрінің алда болатын Оңтүстік Кореяға сапары аясында «Qazaqtrade» Қазақстанның жоғары шикізат базасын ескере отырып, жеңіл балқитын (құйылған) автомобиль дискілерінің экспорты арқылы Кореяда реттелген автомобиль өндірісіне кейіннен қосылу үшін Қазақстанның әлеуетіне талдау жүргізеді.

«Әлемдік автомобиль жасау және электронды өнеркәсіп алпауыттарына (Apple, Samsung, Hyundai және т.б.) олардың өзіндік құнындағы шикізаттың үлесі жоғары жиынтықтаушы өндірісті ұйымдастыруды ұсыну мүмкіндігі бар. Қажетті инфрақұрылымға және шикізат базасының үлкен көлеміне қол жеткізу кабельдер, металл ажыратқыштар, тот баспайтын болаттан және смартфондарға арналған алюминийден жасалған корпустарды өндіруге мүмкіндік береді», - деді Арман Әбенов.

Ағымдағы жылдан бастап Qazaqtrade экспорттық акселерация бағдарламасы аясында экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетеді. Бағдарлама компанияның өндірістен жаңа нарықтарға шығуына дейінгі қарқынды даму алуына бағытталған. «QazTrade акселерация» жобасы - компаниялардың экспорттық қызметін, оның ішінде бұрын экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асырмаған экспорттық қызметті қолдауға және жедел дамытуға бағытталған білім беру және консультациялық шаралар жүйесі болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде қазақстандық тауар өндірушінің және одан әрі өткізу үшін оның тауарының суретін анықтау мақсатында кәсіпорынға толыққанды диагностика жүргізілетін болады. Көптеген отандық тауар өндірушілер үшін халықаралық нарыққа экспорттау өте ұзақ және күрделі болып көрінеді. Шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтан бас тартудың негізгі себептері ақпараттың жеткіліксіздігі,кемшіліктері, тәжірибенің жетіспеуі және өз компаниясының мүмкіндіктерін объективті бағалауға қабілетсіздігі болып табылады. Сонымен қатар, көптеген қазақстандық тауарлар белгілі әлемдік брендтерге лайықты бәсекелестік жасай алады және қазақстандық шикізаттық емес экспорттың дамуын тек субъективті себептер ғана тежейді.

«Qazaqtrade» бүгінде қазақстандық экспорттаушыларды қолдаудың «бірыңғай терезесіне» айналды. Экспорттаушылар үшін қызметтердің кең спектрін ұсыну үшін export.gov.kz ақпараттық-талдау порталы іске қосылды.

Порталда шетелдік салалық және елдік нарықтарға талдау, экспорттың логистикалық мүмкіндіктері, сыртқы нарықтарға қол жеткізу шарттары (сауда кедергілерінің болуы, кірудің тарифтік және тарифтік емес шарттары) бойынша ақпарат жарияланды. Иран, Түркия, БАӘ, Қытай, Германия (органикалық өнім бөлігінде) сияқты елдердің Техникалық реттеу жүйесіне шолу жасалды.

Сондай-ақ, қазақстандық экспорттаушы-жеткізушілердің және олардың өнімдерінің тізілімі жарияланды. Бұл шетелдік тапсырыс берушілерге порталда қазақстандық контрагенттерді табуға мүмкіндік береді.