Top.Mail.Ru

Бұл вирустың ағымының ерекшеліктері пациенттер жиі стационарлық емдеуді және тыныс алуды жасанды қолдауды қажет етеді. Бүгінде ел бойынша адамдар жатқан стационарлық төсек орын саны 60% құрайды, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ол 90% жетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Ведомство басшысының ақпараты бойынша, ел бойынша 348 медициналық ұйымда COVID-19 бар пациенттерді емдеу үшін 26 мың төсек орны ұйымдастырылған, тамыз айының соңына дейін стационарларда қосымша 10 мың төсек орнын ашу жоспарлануда. Олардың құрылымында жабдықталған реанимациялық бөлімдер мен ӨЖЖ аппараттары бар қарқынды терапия палаталары болады.

Қолданыстағы ӨЖЖ аппараттарының жалпы саны 3294 бірлікті құрайды, соңғы ай ішінде 978 аппарат сатып алынды. Қосымша 1 мыңға жуық ӨЖЖ аппаратын сатып алу жоспарлануда.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!