Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері барлық сала бойынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.

Мемлекеттер басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.

www.akorda.kz